Алматы: күбүлгөн терезе, жабылган жол, ээн көчө

Наразылық және одан кейінгі бүлік кезінде хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздеген жұрт Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институты алдында тұр. 

5-7 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда қанша адам қаза тапқаны, оның қаншауы бейбіт тұрғын екені нақты емес. 

Оқиғалардың эпицентрі болған Республика алаңында орындық құлап жатыр.

Өртенген терезелер үңірейіп тұр.

Мемлекеттік "Қазақстан" телеарнасының кіреберісі.

"Қазақстан" телеарнасының ғимараты Республика алаңының түбінде орналасқан. 

Республика алаңына кіретін жолдар жабық, жұмысшылар көшені тазалап жүр. Жүргінші аз. 

Полиция көліктері де ұшырасады.